Риода дзюдошыларымыздың жарысқа шығатын күндері белгілі болды

Риода дзюдошыларымыздың жарысқа шығатын күндері белгілі болды
ашық дереккөз
Риода дзюдошыларымыздың жарысқа шығатын күндері белгілі болды
Рио олимпиадасында дзюдошыларымыздың жарысқа шығатын күндері белгілі болды. Тамыздың 6-сы күні алғаш болып дзюдошыларымыздан жергілікті уақыт бойынша әйелдер арасында 48 келіде О. Галбадрах пен ерлер арасында қазақ елі үкілеп үміт артып отырған Е. Сметов сынға түседі. Жарыстың екінші күні сағат 10:00-де 66 келі салмақта Ж. Смағұлов өнер көрсетеді. Финал 15:30-да басталады. Тамыздың 8-і күні қазақстандық дзюдошылар үшін демалыс күні. 9 тамызда сағат 10:00-де 63 келі салмақтан әйелдер арасында М. Ордабаева өнер көрсетеді. Финалдық бәсекелер 15:30-да басталады. 10 тамыз қазақ дзюдошылары демалады. Тамыздың 11 күні сағат 10:00-де медальдан тағы бір үміткеріміз 100 келі салмақта М. Раков сынға түседі. Финалдық бәсекелер осы күні сағат 15:30-да басталады. Сонымен, 11 тамыз күні қазақ дзюдошылары Олимпиаданы аяқтайды. null null null null

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар