Мақсат тарына мемлекет қолдауымен жет ті

Мақсат тарына мемлекет қолдауымен жет ті
ашық дереккөз
Мақсат тарына мемлекет қолдауымен жет ті

Бүгінде өңірімізде жылыжай шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл бағытта мемлекет тарапынан әртүрлі бағдарламалар қабылданып, кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Соның арқасында кәсіпкерлер әлемдегі озық технологияларды қолдануға көшіп, тұрғындар сапалы өніммен қамтамасыз етіле бастады. Көкөніске деген нарықтық баға біршама тұрақтады. 

Жамбыл ауданында бүгінгі таңда 289 жылыжай болса, оның 207-сі толық қуатында жұмыс істеп тұр. Соның бірі 2013 жылы құрылған «Азамат» шаруа қожалығының иелігінде. Оның қуаттылығы жылына 400 тонна көкөніс өнімін өсіруге арналған. Жалпы құны 157 миллион 289 мың теңгені құрайтын жылыжайға былтыр «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өндірістік-индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағытында жергілікті бюджеттен 25 миллион теңгеге электр желісі тартылып, газ кіргізіліпті. Аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Есалиев аталған бағдарламаның басты бағыттары – экономиканы әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың шетелге тауар экспорттауын, тұрақты жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз ету екенін айтады. – Бағдарлама кәсіпкерліктің әлеуетін арттыруды көздейді. Елімізде жылыжайлар саны көбейген сайын, ішкі нарықтағы көкөніске сұраным артып, сырттан әкеліп, көрші елдерден тасымалдау есебінен қанағаттандырылуы азаятыны белгілі. Осы мақсатта ауданда жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Кейбір кәсіпкерлердің өндірісіне инфрақұрылым жүргізілсе, кейбірі заманауи технологияны қолданып, өнім көлемін арттыруда. «Азамат» шаруа қожалығы қияр мен қызанақ өсіруді жаңадан қолға алса да, бірінші кезеңнің өзінде жақсы түсім алды. Осындай жобалар жүзеге асырыла бастағалы өңірде шағын және орта кәсіпкерлік дамып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы арта түсті, – дейді ол. Негізінен «Азамат» шаруа қожалығына тиесілі 130 гектар жер бар. Барлығы да жайылымдық жер болғанымен, биыл 15 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып, пияз еккен. Ал 1 гектар жылыжайдан наурыз айынан бері 180 тонна қияр жиналған. – Жылыжайда көкөніс өсіру ісінде түркиялық технологияны қолданамыз. Өндірісте компьютерлендірілген желі іске қосылған. Дегенмен, қиярды күтіп-баптауда топырақты өңдеу, жылыжайды желдету, суару, топырақты қопсыту, тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру қажет. Бұл жұмыстың бәрі жүйелі түрде атқарылуда. Бір айта кетерлігі, қазір екінші кезеңге көшу бойынша арада шамалы үзіліс болып тұр. Өнім жинау тамыз айында қайта басталады. Оған дейін жылыжайда көшет отырғызуға дайындық және алаңда санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда барлығы 17 адам жұмыспен қамтылған. Еңбекақыларын тұрақты түрде алып отырады. Алғаш «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан несие алып өз ісімізді бастағанымызбен, біршама уақыт инфрақұрылым жүргізу үшін қаражат жағы қолбайлау болды. Дегенмен, облыс әкімі былтыр ауданға жұмыс сапарымен келгенде, жарты жолға келіп тоқтап тұрған жылыжайдың жайын көріп, қолдау білдірді. Облыс басшысының тікелей ықпалы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында көздеген мақсатымызға жеттік, – дейді «Азамат» шаруа қожалығының жылыжай ісін жүргізу-ұйымдастырушысы Ғалымжан Әбжанов.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар