Модульдік оқытудың мәнісі неде?

Модульдік оқытудың мәнісі неде?
ашық дереккөз
Модульдік оқытудың мәнісі неде?

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр

Экономикамыздың қарышты дамуы өз ісіне жетік кәсіби мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан, мемлекетіміз техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолға алып отыр. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды даярлауда сапаға қол жеткізу үшін білім беру жүйесін реформалау қажет болды. Ал педагогтерден заманауи технологияларды жетік меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу, кәсіби және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру талап етілді.

– Жаңа білім моделі мен тиімді педагогикалық технологияларды меңгерту үшін сала мамандарының біліктілігін арттыру қажет болды. Сол үшін Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тренингтік оқыту орталығы әр өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен инженер-педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсын жүргізбек. Ал осы облыста екі кезеңде 225 тыңдаушы оқытылмақшы. Соның 124-і біз таңдап алған Жамбыл политехникалық колледжінде аталған орталықтың бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырмақшы. Бұл кезеңде мамандар біліктілігін арттырып қана қоймай, шетелдік әріптестермен бірлесе әзірлеген, модульдік құзыреттілікке негізделген 45 бағдарламаны инновациялық білім беру технологияларын техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің оқыту жүйесіне енгізу жолдарын меңгереді, – дейді «Кәсіпқор» холдингі» тренингтік оқыту орталығының бас тренері Санжар Тәтібаев.

Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева алғашқы топта оқытылып жатқан 124 мұғалімнің 30-ы осы оқу орнының қызметкері екенін, өзі басқарып отырған колледж Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 77-қадамында белгіленген 10 базалық колледждердің қатарына енгенін айтады. 2014 жылы үздік ондықтың қатарына енуге колледждің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы аясында механикалық өңдеу, бақылау-өлшеуіш аспаптары және автоматика мамандығының материалдық-техникалық базасының жаңғыртылуы, өткен жылдан бастап, химия технология және өндіріс, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандықтары бойынша германдық және австралиялық жаңа бағдарламаның дайындалуы себеп болған.

– Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол осы заманға бейімделе алатын құзыретті маман даярлау ісі. Оған осы модульдік оқыту жүйесі кепіл бола алады. Модульдік оқытуды енгізуде «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тренингтік оқыту орталығы материалдық-техникалық базамызды жаңғыртумен қатар, оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етпек, – дейді ол.

 Келер жылы аталған колледж баршаға арналған тегін кәсіптік білім беруді жүзеге асыруға кіріседі. Бүгінде жұмысшы мамандарды даярлау үшін «Химиялық технология және өндіріс», «Электрлі және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша жұмысшы бірліктеріне лицензия алынып, кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс та бөлініп қойыпты.

Тіпті, колледж оқытушылары мен өндірістік шеберлері 2011–2014 жылдары Германия, Жапония, Түркия елдерінде өндірістік технологияларды автоматтандыру жобасын жүзеге асыруға қатысып, біліктіліктерін арттырып келген. Жақында колледж оқытушылары Райхан Шүленбаева мен Сымбат Наурызқұлова Астана қаласында аталған оқыту орталығының курсынан өтіп, тренерлік сертификатқа қол жеткізіпті.

– Курстан өткен тыңдаушылар білім беру модульдерін жобалау және құруды, техникалық және кәсіптік білімді модульдік бағдарламалармен кіріктіру тетіктерін модельдеуді және модельдік құзыреттілік негізінде арнайы пән оқытушыларын, өндірістік оқыту шеберлерін және студенттерді оқыту әдістемелерін меңгеріп, оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульдік және дуалдық оқытуға негізделген инновациялық білім беру жүйелері және технологияларымен танысып, білімдерін жетілдірді. Холдинг оқу курсын каскадты әдіспен жүзеге асыруда. Мұнда холдинг қызметкерлері тек методологиялық және әдістемелік көмек береді, – дейді Райхан Шүленбаева.

Нұрым Сырғабаев,

«Ақ жол».

Нұрым Сырғабаев,«Ақ жол». Экономикамыздың қарышты дамуы өз ісіне жетік кәсіби мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан, мемлекетіміз техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолға алып отыр. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды даярлауда сапаға қол жеткізу үшін білім беру жүйесін реформалау қажет болды. Ал педагогтерден заманауи технологияларды жетік меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу, кәсіби және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру талап етілді.– Жаңа білім моделі мен тиімді педагогикалық технологияларды меңгерту үшін сала мамандарының біліктілігін арттыру қажет болды. Сол үшін Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тренингтік оқыту орталығы әр өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен инженер-педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсын жүргізбек. Ал осы облыста екі кезеңде 225 тыңдаушы оқытылмақшы. Соның 124-і біз таңдап алған Жамбыл политехникалық колледжінде аталған орталықтың бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырмақшы. Бұл кезеңде мамандар біліктілігін арттырып қана қоймай, шетелдік әріптестермен бірлесе әзірлеген, модульдік құзыреттілікке негізделген 45 бағдарламаны инновациялық білім беру технологияларын техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің оқыту жүйесіне енгізу жолдарын меңгереді, – дейді «Кәсіпқор» холдингі» тренингтік оқыту орталығының бас тренері Санжар Тәтібаев.Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева алғашқы топта оқытылып жатқан 124 мұғалімнің 30-ы осы оқу орнының қызметкері екенін, өзі басқарып отырған колледж Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 77-қадамында белгіленген 10 базалық колледждердің қатарына енгенін айтады. 2014 жылы үздік ондықтың қатарына енуге колледждің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы аясында механикалық өңдеу, бақылау-өлшеуіш аспаптары және автоматика мамандығының материалдық-техникалық базасының жаңғыртылуы, өткен жылдан бастап, химия технология және өндіріс, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандықтары бойынша германдық және австралиялық жаңа бағдарламаның дайындалуы себеп болған. – Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол осы заманға бейімделе алатын құзыретті маман даярлау ісі. Оған осы модульдік оқыту жүйесі кепіл бола алады. Модульдік оқытуды енгізуде «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тренингтік оқыту орталығы материалдық-техникалық базамызды жаңғыртумен қатар, оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етпек, – дейді ол.  Келер жылы аталған колледж баршаға арналған тегін кәсіптік білім беруді жүзеге асыруға кіріседі. Бүгінде жұмысшы мамандарды даярлау үшін «Химиялық технология және өндіріс», «Электрлі және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша жұмысшы бірліктеріне лицензия алынып, кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс та бөлініп қойыпты.Тіпті, колледж оқытушылары мен өндірістік шеберлері 2011–2014 жылдары Германия, Жапония, Түркия елдерінде өндірістік технологияларды автоматтандыру жобасын жүзеге асыруға қатысып, біліктіліктерін арттырып келген. Жақында колледж оқытушылары Райхан Шүленбаева мен Сымбат Наурызқұлова Астана қаласында аталған оқыту орталығының курсынан өтіп, тренерлік сертификатқа қол жеткізіпті. – Курстан өткен тыңдаушылар білім беру модульдерін жобалау және құруды, техникалық және кәсіптік білімді модульдік бағдарламалармен кіріктіру тетіктерін модельдеуді және модельдік құзыреттілік негізінде арнайы пән оқытушыларын, өндірістік оқыту шеберлерін және студенттерді оқыту әдістемелерін меңгеріп, оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульдік және дуалдық оқытуға негізделген инновациялық білім беру жүйелері және технологияларымен танысып, білімдерін жетілдірді. Холдинг оқу курсын каскадты әдіспен жүзеге асыруда. Мұнда холдинг қызметкерлері тек методологиялық және әдістемелік көмек береді, – дейді Райхан Шүленбаева.  

Ұқсас жаңалықтар