Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді

Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді
ашық дереккөз
Бейжің олимпиадасында жеңімпаз болған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді
Бейжің олимпиадасы кезінде алынған сынамаларынан допинг ізі табылған алты қазақстандық спортшының төртеуі - ауыр атлет. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады. Осы мәліметке сүйенсек, төрт атлеттің екеуі - Бейжің олимпиадасында күміс медаль алған Ирина Некрасова (63 келі) және қола жүлдегер Мария Грабовецкая. Үшіншісі 85 келіде төртінші орын алған Владимир Седов болған. Төртінші ауыр атлеттің есімі - Илья Ильин. Енді алдағы уақытта Халықаралық олимпиада комитеті Б сынамасын тексереді. Егер бұл кезде сынама оң нәтиже берсе олардың нәтижесі жойылады. Яғни, Бейжің олимпиадасынан жеңіп алған екі ауыр атлетіміз медалін қайтарып береді. Естеріңізге сал кетейік, Бейжің олимпиадасында қазақ спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медал жеңіп алған болатын. Олар: Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі).

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар