Ауру жұқтырып, емделмей отыр

Ауру жұқтырып, емделмей отыр
ашық дереккөз
Ауру жұқтырып, емделмей отыр
Алматыда туберкулез жұқтырған 22 науқас ем алудан бас тартып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратурадағылар азаматтық істер бойынша туберкулез ауруына шалдығып, ем алудан бас тартып отырған азаматтарды еріксіз емдеу туралы сараптама жүргізді. Қаладағы туберкулезге қарсы ұйымдардың мәліметінше, Алматыда шілде айында туберкулезбен ауыратын 42 науқас ем алудан бас тартқан. Соттың шешімі бойынша 20 науқас ауруханаға жеткізілсе, қалған 20-ы ем алудан бас тартқан. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" заңына сәйкес, жұқпалы туберкулез ауруына шалдыққан науқастар ауруханада ем алуға міндеттеледі. Себебі, қоғамдық орындарда олар ауа-тамшылы жұқпа арқылы басқа адамдарға ауруды жұқтыру қаупі бар. Айта кетейік, науқастарды еріксіз емдеудің себебі олардың дәрігерлер белгілеген емнен бас тартып, онымен қоймай туберкулезге қарсы ұйымдардан өз бетімен кетіп қалу және ем алу режимін бұзу болып отыр.

"Туберкулезге шалдығып, ем алудан бас тартқан азаматтарды еріксіз емдеу туралы шешімді сот қабылдайды. Прокуратура сараптамаларының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға науқастарды жедел түрде медициналық мекемелерге жеткізу және заң бұзушылықтарды жою міндеттелді", - деп қорытындылады сөзін аудандық прокуратура бөлімінің басшысы Аман Омаров.

                                                                                                                                               Ақпарат көзі: kaz.tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар