Анасы баласынан алимент алады

 Анасы баласынан алимент алады
ашық дереккөз
Анасы баласынан алимент алады
Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті.
Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, ай сайын 60000 теңге мөлшерінде өмір бойына алимент өндіруді сұраған. Алдын ала сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісім шарттары бойынша жауапкер Ш.М. талап қоюшы Г.Б.-ға ай сайын 40 000 теңгеден өмір бойына төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы Г.Б. жауапкер Ш.М.-дан ай сайын 40 000 теңгені алуға келісіп, талабынан бас тартады. Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді, деп хабарлайды Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Ақпарат көзі: "Айқын" газеті.

Ұқсас жаңалықтар