Мәслихат хатшысының марапаты

Мәслихат хатшысының марапаты
ашық дереккөз
Мәслихат хатшысының марапаты

Халық пен билік арасында алтын көпір саналатын төртінші билік өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында баспасөз саласында тағылымды ой қозғап, тер төгіп, қоғамның бар-жоғын түгендеп, билік пен халық арасында дәнекер болып жүрген журналистердің бірқатарын облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов қабылдады. Өңірдегі баспасөз саласында қызмет етіп жүрген Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Мейірбек Мәтенов, облыстық «Арай» жастар газетінің бөлім меңгерушісі Хамит Есаман және Меркі аудандық «Меркі тынысы» газеті бөлім меңгерушісі Ольга Акининаға Алғыс хат тапсырып, төл мерекесімен құттықтады.

– Өңірдің имиджін көтеруде БАҚ өкілдерінің еңбегі зор. Бұл сала халық пен билік арасында алтын көпір саналады. Себебі, облысымыздың тыныс-тіршілігі БАҚ арқылы айқын көрінуде. Тарихы әріден басталатын мамандықтың мәртебесі мен деңгейі күн өткен сайын артуда. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, «Баспасөз – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, – деді Бағлан Қарашолақов.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар