«Әулиеата» шөгеншілері республикалық додада топ жарды

«Әулиеата» шөгеншілері  республикалық додада топ жарды
ашық дереккөз
«Әулиеата» шөгеншілері республикалық додада топ жарды

Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылында шөгеннен (поло спорты) республикалық турнир өтті. «Астана поло» клубы, Ақмола поло федерациясының кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылары дуы басым додаға қатысып, жарыс көркін қыздыра түсті. Бұған дейін Тараз төрінде өткен айтулы аламанда астаналықтарға жол берген «Әулиеата» командасы осы жарыста жасындай жарқырап көріне білді. Жерлестеріміз барлық ойында мықты екендіктерін дәлелдеп, жүлденің алдын бермеді. Дода қорытындысында «Әулиеата» командасы жеңімпаз деп танылса, екінші тұғырға «Астана поло клуб» командасы иелік етті. Үздік үштікті ақмолалықтар қорытындылады. Жалпы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі аясында Таразда шөген алаңы салынғалы облыста осы спорт түрі қарқынды дами бастады. Тұлпар үстінде доп қуған жерлестеріміздің бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз.

Гүлжанат Төленова, ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар