Головкин келесі жылғы жекпе-жегін Астанада өткізуі мүмкін

Головкин келесі жылғы  жекпе-жегін Астанада өткізуі мүмкін
ашық дереккөз
Головкин келесі жылғы жекпе-жегін Астанада өткізуі мүмкін
Кәсіпқой бокстан WBC, WBA (super), IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. Компания төрағасы жүздесу барысында: «Астана ЭКСПО – 2017 ұлттық компаниясы сіздің кәсіби мансабыңыздағы тамаша табыстарыңызды қалт жібермейді. Күллі қазақстандықтар секілді біз сіздің еліміздің мақтанышы санаймыз. Бұдан бөлек халықаралық көрмені әлемге танытуда үлкен белсенділік танытып жүргеніңіз үшін қуаныштымыз» деп өз ойымен бөлісті. Кездесу кезінде Геннадий Головкин халықаралық көрменің маңыздылығын насихаттауға әрқашан әзір екенін айтып өтті. «Мен үшін «Астана ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің ресми елшісі болу – үлкен бақыт әрі үлкен жауапкершілік. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең үлкен жоба» деді кәсіпқой боксшы Ахметжан Есімовке ризашылығын білдіріп. Кездесу соңынан соң тараптар алдағы жылы Астанада үлкен деңгейде кәсіпқой бокс кешін өткізу мүмкіндігін талқылады. Ілгеріде Головкин Астанада өзінің бір кездесуін өткізуді армандайтынын айтқан болатын.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар