Жарқын істерге жол сілтейді

Жарқын істерге  жол сілтейді
ашық дереккөз
Жарқын істерге жол сілтейді

Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Елбасы өзінің: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауында жаңа жаҺандық ахуал талабына сай әрекет етудің жолдары мен бағыт-бағдарларын айқындап берді. Бұл – көп ұлтты еліміздің болашағы кемел болатынына деген сенімімізді нықтай түсті. Жолдау осынысымен де еліміздің әрбір азаматының мүддесіне сай келетін, қажетті шешімдерді қамтитын, тарихи маңызы зор, теңдесі жоқ бірегей, басты құжатына айналып отыр. Жолдаудан туындайтын межелі міндеттер мемлекетіміздің қарқынды дамуына, халқымыздың әл-қуатын арттыруға негізделген. Яғни, онда таяу жылдарда еліміздегі бейбіт тұрақтылық пен бірлікті сақтай отырып, қалай өсіп-өркендеуіміз керектігі айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстанның дағдарысқа қарсы 7 мүмкіндігі барына да айрықша мән беріліп отыр. Олардың қатарында индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы аясында шикізат ресурстарына тәуелсіз экономика құру, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру, инновациялық-индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары арқылы экономикалық дамуға басымдықтар беру бағыттары қарастырылған. Міне, бұл бағыттар бүгінде ел дамуына тың серпін беріп те отыр. Жолдауда соңғы бес жылда көптеген өңдеуші салалардың өсім көрсетіп отырғаны, 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылғаны, Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағы салынғаны айтылады. Бұл көрсеткіштердің артында Елбасы саясаты мен елдің ерен еңбегі тұрғанын күнделікті өмірімізден шынайы сезініп те отырмыз. Мемлекет басшысы қазіргідей қиын кезеңде еліміз тағы да «дағдарыстан – дамуға» ұмтылып, жаңа жобалар мен жаңғырту идеяларын іске асыратындығын қадап айтты. Бұған дейін де дағдарысқа қарсы екі жоспарды іске асырып, қазақстандықтар сол дағдарыс салдарын сезінбей де қалғаны уақыт шындығы, тарих ақиқаты. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында елімізді әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу басты мақсат ретінде алдымызға қойылып отырғаны белгілі. Оған еліміздегі татулық пен бірлікті сақтай отырып, бірлесе күш жұмылдыру арқылы жетеріміз анық. Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік қолдаулардың бәсеңдемейтіндігі халықтың қамын ойлағандық деп санаймыз. Сонымен қатар, Жолдауда ел ертеңі – жастарға терең білім мен танымды тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруға да айрықша мән беріліп отыр. Оның ішінде, өндіріске аса қажетті орта арнаулы білімді мамандарды көптеп даярлау мақсатында келер жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім беру жүзеге асырыла бастайды. Бұл қадам елімізде еңбек дәстүрін қайта жаңғыртуға жаңа жолдар ашары сөзсіз. Осындай сындарлы саясат пен байыпты бағыттың негізінде қазіргі күні еліміздің сан салалы жұмысында кешенді шаралар мен үлкен мақсатты тірліктер атқарылуда. Облыс жұртшылығы, оның ішінде өңір спортшылары мен жаттықтырушылары, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт саласы мекемелерінің қызметкерлері барша қазақстандықтар сияқты жылдың бас құжатын зор ықыласпен қабылдап, онда алға қойылған міндеттердің мүлтіксіз жүзеге асырылуына өз үлестерін қосуда. Өйткені, біздің отандастарымыздың мақсаты – бір, мүддесі – ортақ. Ол Елбасы саясатына барынша қолдау көрсетіп, жүктелген маңызды міндеттерді орындау және ел Тәуелсіздігі тұғырының берік те бекем болуы үшін қолдан келгеннің барлығын да жасауға тиіспіз. Бұл әрбір азаматтың парызы деп білемін. Қазақ елінің мәңгілік болуы үшін ел игілігін еселеу жолында аянбай еңбек ете де береміз.

Ұқсас жаңалықтар