Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын

Мемлекеттік қызмет  мінсіз болсын
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын

Облыс әкімдігінде Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаевтың жүргізуімен кеңес отырысында жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы мәселе қаралды. Баяндамашы облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тәжіковтің айтуынша, аталған мәселеленің қоғамдық кеңес қарауына ұсынылу себебі – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 35-қадамының іске асырылуы бойынша жер қатынастарын реттеу саласында көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген екен.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер енуіне байланысты бұрынғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы қаулының күшін жойып, жаңа редакцияда қабылдау қажеттігі туындап отыр. Қаулы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтындықтан, облыстық кәсіпкерлер палатасының оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің келісімі берілді. Сондықтан облыс әкімдігі құзырлы органдарымен келісілген қаулы жобасына келісім берулеріңізді сұраймын, – деді А.Тәжіков. Қоғамдық кеңестің аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сембек Сейдәзімов қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын бұзбайтынын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтінін айтып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аталған мәселе қолдау тапты.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар