МҮМКІНДІгіңдІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ

МҮМКІНДІгіңдІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ
ашық дереккөз
МҮМКІНДІгіңдІ МҮЛТ ЖІБЕРМЕ

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, олардың мүліктерін жария етуге байланысты 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап республика бойынша мүлікті және капиталды жария ету бойынша акция басталғаны белгілі. Мүлікті жария ету бойынша акция Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, сондай-ақ, заңсыз жолмен көлеңкелі айналымға шығарылған мүлікке құқықты мойындау мақсатында жүргізіледі. Осылайша, мемлекет өз мүліктерін тез және жеңіл тәсілмен заңды түрде жария етуге ниет білдірушілерге көмек көрсету үшін бір реттік акция өткізуде. Мемлекеттік маңызды шараға қатысуға заңмен белгіленген тәртіппен мүлікті жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар оралмандар және тұлғалар құқылы болып табылады. Акцияны өткізу мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Оларға құқықтар ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген мүлікті жария ету үшін құжаттар тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада, өзге мүлік бойынша жария ету мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталады. Заң бойынша құқық берілмейтін және сот тәртібімен құқықтары дау тудырып жатқан мүлік пен несие жолымен алынған ақша, тағы басқа да сыбайлас жемқорлық жолымен, құжаттарды заңсыз дайындау жолымен табылған ақша мен мүлік жариялауға жатпайды. Бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік нысандарындағы тұрғын және тұрғын емес жайлар да жарияланбайды. Кейбір азаматтар тарапынан «Мүлікті жария ету не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл ретте, мемлекет жауаптылыққа тартылмау және заңнама талаптарын бұзумен алынған кірістерді сақтауға мүмкіндікті ұсынып отыр. Республикада азаматтардың кірістерін жалпы декларациялауды енгізу күтілуде, салық төлеушілер салықтық декларацияларда шынайы мәліметтерді көрсетуі тиіс. Жария етілмеген көлеңкелі капиталдар олардың иеленушілері үшін ірі қиындықтарға – заңсыз жолмен иеленген мүлікті тәркілеуге дейін әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты, мүлікті заңды экономикалық айналымға құқылы қайтару үшін мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалану қажет. Мүлікті жария ету үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік кірістер органдарына комиссияға тапсыру арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты, барлық қажетті құжаттарды жинап, өтініш немесе арнайы декларацияны ұсыну қажет. Оларды қарау бойынша шешім шығарылады, яғни мүлікті жария ету ресімі жеңілдетілген. Әкімдік жанындағы комиссияларда ҚР аумағында орналасқан, оған құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш беріледі. ҚР аумағында орналасқан басқа мүлікке қатысты (құқық жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген жылжымалы, сондай-ақ жылжымайтын мүлік), мүлікті жария ету мемлекеттік кірістер органдарына мүлікті жария етуге алымды төлеместен декларация ұсыну арқылы жүргізіледі. Ақша қаражатын жария ету тәртібі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария ету үш кезеңді көздейді. Оларды сақтау бойынша кепілдіксіз алымды төлеместен, шектеусіз өз қалауы бойынша ақшаны банк шоттарына аудару, 10 пайыз көлемінде алымды төлеу арқылы екінші деңгейлі банктердің шотына аудармастан және «Астана» халықаралық қаржы орталығына алымды төлеместен жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігі қарастырылған.

Өмірзақ ҚОСПАНОВ, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар