Азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-әрекеті

Азаматтар мен мемлекеттің  өзара іс-әрекеті
ашық дереккөз
Азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-әрекеті

«Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі арқылы жетілдірілуде

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет. Электронды үкіметтің ондаған алуан түрлі ақпараттық жүйелері (АЖ), регистрлер, Мемлекеттік деректер қоры (МДҚ) жобалары және жүздеген қосымшалар мен қызметтері бар. Солардың бірі – «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі. Бұл – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тетігі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар құрылымдық бөлімшелерінің ішкі ақпараттық жүйелерінің «Электрондық үкіметтің» базалық компоненттерімен және орталық атқарушы органдардың ведомствоаралық орталықтандырылған ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған. Бүгінгі күні облыстың жергілікті атқарушы органдарының «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі арқылы 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Соның бірі – білім саласына қатысты. Нақтырақ айтсақ, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» жүйесі. Сонымен қатар, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру», «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау», «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» қызметтері де осы жүйе арқылы атқарылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алуға 1,3 топтағы азаматтардан өтініштерді және құжаттарды қабылдау» үдерістері де электронды жүйеге енгізіліп ақпараттық-коммуникативтік технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын болған. Ал мұрағаттағы «Мұрағаттық анықтама беру» және автоматтандырылған жеке қосалқы шаруашылық бойынша мемлекеттік деректер қоры арқылы жүргізіледі. Әрбір азамат жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық санды қолтаңбамен «Электронды үкімет порталы» арқылы қызмет алуына болады.

Айнұр Әбішева, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар