Ұстаздар спорт алаңына шықты

Ұстаздар спорт алаңына шықты
ашық дереккөз
Ұстаздар спорт алаңына шықты
ТарМПИ-дің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы «Спортсүйер оқытушылар» атты спартакиада өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Жиырма күнге созылған спорт додасына 8 команда қатысты. Спартакиаданың жабылу салтанатында институт ректоры Дария Қожамжарова сөз сөйлеп, саламатты өмір салтын сақтаудың мән-маңызына тоқталып өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, әйелдер арасында жалпыкомандалық есепте ТарМПИ әкімшілігі I орынға ие болды. Ал II орын «Өнер және мәдениет», III орын «Педагогика» факультеттерінің еншісіне бұйырды. Ерлер арасындағы сайыстар өте тартысты өткендіктен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыстың тек соңғы күнінде анықталды. Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте I орынды «Физика-математика» факультетінің құрамасы қанжығасына байлады. II орынға ТарМПИ әкімшілігі лайық деп танылса, III орынды «Өнер және мәдениет» факультеті иеленді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар институт ректорының және «Ұстаз» спорт клубының мақтау грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ғалия РАМАЗАНОВА, ТарМУ-дың студенті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар