Бір алтын, бір қола

Бір алтын, бір қола
ашық дереккөз
Бір алтын, бір қола
Облыс дзюдошылары ел чемпионатынан олжалы оралды Өскемен қаласында дзюдо күресінен ел біріншілігі өтті. Дуы басым додаға еліміздің әр қиырынан 440 спортшы қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Татами төрінде шалт қимылдарымен көзге түскен жерлестеріміз үміт үдесінен шыға білді. Үш күнге созылған ел чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекәділ Шәймерденов қарсыластарын алып та, шалып та жығып, өзіне тең қарсылас жоқ екенін байқатты. Дода барысында бір деммен күресіп шыққан жамбылдық жампоз алтын жүлдеге қол жеткізіп, өңіріміздің мерейін асырса, 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен аруымыз Аида Карчаева қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша жерлестеріміз ел біріншілігінен олжалы оралды. Өскеменде жайылған татамилерде жасындай жарқырай білген жамбылдық дзюдошылар әлі-ақ даңқты балуан Елдос Сметовтің жеңіске толы жолын жалғастыратынына біз бек сенімдіміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар