Алғысымыз шексіз

Алғысымыз шексіз
ашық дереккөз
Алғысымыз шексіз

Бауыржан Абайлдаев, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС-ның директоры.

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауыл шаруашылығымен айналысамын деген адамға бізде барлық мүмкіндіктердің бар екенін жиі айтады. Аймақ басшысы айтқан мол мүмкіндікті «Агрофирма Түрікпен» ЖШС мүлт жібермеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде мал басын мейілінше арттырдық. Ауданға инвестиция тарту барысында, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС-ның филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы несиеге 500 миллион теңге алдық. Алынған несиенің бір бөлігіне 1065 жылқы және 602 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара сатып алынды. Осы жылдың аяғына дейін 1200 бас мүйізді ірі қара малын және 500 бас жылқы малын әкелеміз. Қазір 150 миллион теңгеге 20 қора және малшылар отыратын 20 үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазірге дейін 8 қора пайдалануға берілді. Малшыларға арналған 20 үйдің (әрқайсысы екі отбасылық) 9-ы бітіп, үшеуінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмысқа 45 адам, 13 техника жұмылдырылған. Асыл тұқымды малды өсіріп көбейту үшін Ресей Федерациясымен келісімшарттар жасалуда. «Мойынқұм Агро» ЖШС алдағы уақытта сүтті бағытта мүйізді ірі қара малын өсіріп, сүт өнімдерін өндіруді де қолға алмақшы және ұсақ шаруа қожалықтарын маңайына біріктіруді де көздеп отыр. Мойынқұм даласы мыңғырған асыл тұқымды малға толып жатса, ел қуанышы деп ойлаймын. Мал шаруашылығын дамытуға Мойынқұм жері біз үшін қолайлы болып отыр. Мұндай мүмкіндікті жасап отырған облыс басшысына айтар алғысымыз шексіз. Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың ауылды дамыту, мал шаруашылығын көтеру мақсатында атқарып жатқан жұмысына ризамыз.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар