Бір тең түсіп, бір жеңіліп...

Бір тең түсіп, бір жеңіліп...
ашық дереккөз
Бір тең түсіп, бір жеңіліп...

«Тараз» футбол клубы премьер-лигаға дайындық ретінде екі жолдастық кездесу өткізді

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының кезекті маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан еліміздің клубтары бірнеше жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Сонымен қатар, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан қазақстандық командалар жаңа ойыншылармен толығуды да алдыларына мақсат етіп қойып отыр. Алдымен Сербияның «Ягодинасына» қарсы алаңға шыққан «Тараз» футбол клубының өрендері қарсыластарына 1:2 есебімен жол берді. «Ягодинаның» сапында бұрын тараздық команда жанкүйерлерінің көзайымына айналған Мирослав Лечич жасыл алаңға шықты. Бұдан соң Тәжікстан-ның «Истиклол» командасы-мен бақ сынасқан жерлестері-міз 2:2 есебімен тең түсті. Қазіргі таңда Жамбыл футболының талантты түлектерінің бірі Жақып Қожамберді Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының қызығушылығын тудырып отыр.

Арайлым Рахметова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар