Бассейнде балықша жүзген сұлулар

Бассейнде балықша  жүзген сұлулар
ашық дереккөз
Бассейнде балықша жүзген сұлулар

Әуесқойлар арасындағы дода тартысты өтті

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тараз - Арена» спорт кешенінде суда жүзуден қалалық ашық турнир ұйымдастырылды. Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болған жарысқа қала аумағынан 70-тен астам әуесқой спортшы қатысты. 

Турнирде 25-35 жастағы әйелдер арасында Сәуле Әбдірахманова жеңімпаз атанса, Бақыт Әбіләлімова мен Салтанат Ертаева үздік үштікке ілікті. 36-дан жоғары жастағы әйелдер арасында Аида Умеева турнир чемпионы деп танылды. Гүлсім Дүйсенбаева мен Ольга Максимоваға жүлделі орындар бұйырды. 25-35 жастағы ерлер арасында Думан Жылысбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Серік Ергешов екінші, Жеңіс Күдериев үшінші орынға ие болды. 36-дан жоғары жастағы ерлер арасында Алтынбек Сапаралиев жеңімпаз атанды. Ғалым Меңдібаев пен Сұлтан Жұбанышев та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 Есет Досалы, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар