«Битлз» Ливерпуль бюджетіне жылына 82 миллион фунт стерлинг пайда келтіреді

«Битлз» Ливерпуль бюджетіне жылына  82 миллион фунт стерлинг пайда келтіреді
ашық дереккөз
«Битлз» Ливерпуль бюджетіне жылына 82 миллион фунт стерлинг пайда келтіреді

1960-шы жылдарда әлемге әйгілі болған «Битлз» тобының мұрасы Ливерпуль қаласының экономикасына жылына 82 миллион фунт стерлинг пайда келтіреді. 

Ливерпуль қаласының әкімшілігінің есебіне сүйенсек, «Битлз» тобымен байланысқан елеулі оқиғалы мекемелер мен орындар жергілікті халықты 2,335 жұмыс орнымен қамтып отыр. Осы топпен байланысты елеулі тарихи жерлердің бірі «Тhe Allerton Road» елді мекені болып табылады. Дәл осы жерде Джон Ленон орталыққа бару үшін аялдамада тұрғанда, «Битлз» тобының мүшесі Пол Мак Картниді кездестірді. Penny Lane, the Covern Club, Strawberry field жерлері «Битлз» тобының қандай да бір оқиғамен байланысқан және топ жанкүйерлерінің сүйікті орындарының бірі. Соңғы хабар бойынша, «Битлз» тобымен байланысқан мұралар Ливерпуль қаласының экономикасын 15 пайызға арттырған және бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде.

BBC  news, 08.02.2016.

Ұқсас жаңалықтар