Жаңа ормандарды отырғызу ғаламдық жылынуды баяулата ма?

Жаңа ормандарды отырғызу  ғаламдық жылынуды баяулата ма?
ашық дереккөз
Жаңа ормандарды отырғызу ғаламдық жылынуды баяулата ма?

Ғалымдардың зерттеуінше, Еуропадағы 1750 жылдан бері өсіп келе жатқан ағаштар ғаламдық жылынуды тездетуде. Ғалымдар үлкен жапырақтыларды қылқан жапырақтылармен алмастыру климаттың өзгеруін тоқтатудың басты себебі деп есептейді. Қарағай мен шырша секілді қылқан жапырақтылар жылуды өзіне емен мен қайыңға қарағанда көбірек сіңіреді. Авторлардың ойынша, қылқан жапырақтылар ландшафтын кеңейту арқылы әлемдік температураны төмендетуге мүмкіндік бар тәрізді.

1750-1850 жылдар аралығында Еуропада орман көлемі 190 000 шаршы шақырымға азайған. Ал 1850 жылдан бері көмірді пайдалану өндірістік революциясына дейінгі кезеңмен салыстырғанда орман саны 10 пайызға (386 000 шаршы шақырымға) артқан. Еуропада табиғи балансты сақтау үшін қарағай мен шырша көптеп егілуде. Кейінгі онжылдықта Еуропада орман санының ұлғаюы және көмір қышқыл газын сіңіруі – өте жағымды жаналық. Алайда жаңа зерттеулер осы жағымды жаңалықтарға күмән тудырды. Зерттеу тобы Еуропадағы орманның 250 жыл бұрынғы конструкциясын жасап, зерттеп, оттегі бөлінуінің төмен болғанына болжам айтты. Сонымен қатар қылқан жапырақтылар күн сәулесін кері шағылыстырады және күн сәулесін жұтады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша қылқан жапырақтылар әсерінен Еуропада температура 0,12 0С-ге жоғарылаған, ал пайдалы қазбаларды үздіксіз қолдану температураны 6 пайызға жоғарылатқан. Көптеген мемлекеттер климат өзгеруін тоқтату үшін тал егу мақсатын алға қойған. Қытайда «Ұлы жасыл қабырға» атты тал отырғызу жобасы бар. Жобаның көлемі 400 миллион гектарды құрайды.

Маtt Margaret, BBC.com, 5 ақпан, 2016.

Ұқсас жаңалықтар