Ассамблеяда атқарылған шара көп

Ассамблеяда атқарылған шара көп
ашық дереккөз
Ассамблеяда атқарылған шара көп

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысованың қатысуымен «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру қазақстандықтардың бірлігін нығайтады» тақырыбында облыстық өңірлік коммуникация алаңында брифинг өтті. – «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру қазақстандықтардың бірлігін нығайтады. Бұл жоба алты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Соның ішінде «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның мәдени еркін аймағы», «Көшпенді мәдениет пен табиғаттың біртұтастығы», «Алтай қазыналары», «Каспий қақпалары» және «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» аймақтық мәдени-туристік кластерлерін құру бойынша соңғы кластер біздің облысқа тікелей қатысы бар, яғни біздің облыс аумағында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда облыстық Ассамблея білім және тілдерді дамыту басқармаларымен бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихын жете білуіне үлкен мән береді. Сондықтан «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында жыл бойы «Өз өлкеңді танып біл» және «ЭКСПО – 2017 еріктілері» екі жобасы қолға алынуда, – деді өңірлік Ассамблея меңгерушісі. Сонымен қатар, Лариса Лысова Ассамблеяның қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысып жатқанын тілге тиек етті. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру мен қайырымдылық орталығы ретінде жетілдіруді қарастырады. Осы бағыттағы жұмыс өткен жылы басталды. Қазақстанның барлық аймақтарында «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы өтті, оның аясында тек облыс бойынша 2859 адамға 1 348909263 сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл – республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Сондықтан да, облысымыздың 10 қайырымгерлері Қайырымгерлердің республикалық І съезінде жүлдегер атанды және марапатталды. Облыста олар «ҚХА Жылының үздік қайырымгерлері» атанды. Бүгінгі таңда қайырымдылық іс-шаралары «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы шеңберінде жалғасын табуда. Қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінен кеңес алуға болады. Әрине «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылатын барлық жұмыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады, – деп қорытындылады сөзін облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова. Жиын соңында тілшілер өңірлік Ассамблея меңгерушісіне көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.

Ұқсас жаңалықтар