Тағайындау

Тағайындау
ашық дереккөз
Тағайындау

29«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Ұ. Маминнің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №245 бұйрығымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Жамбыл жол бөлімшесі» филиалының директоры болып Дәулетбай Дасырұлы Есімбеков тағайындалды. Дәулетбай Дасырұлы Есімбеков 1953 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1978 жылы Алматы теміржол көлігі техникумын теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару мамандығы бойынша бітірген.1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономика және өндірісті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1970 жылы Қазақ темір жолы Шу стансасы локомотив депосында құрылыс тобының жұмысшысы болып бастаған. 1984-1990 жылдар аралығында Алматы темір жолы Жамбыл бөлімшесінде қозғалыс бөлімі бастығының орынбасары, бастығы болған. 1997-1999 жылдары – тасымалдау қызметінің бастығы, Алматы темір жол бастығының бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2002 жылы «Жүк тасымалдары» ЕМК Жамбыл жүк тасымалдау агенттігі филиалы бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 2004-2008 жылдары Астана қаласындағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ – «Тасымалдауларды диспетчерлік басқару орталығы» филиалының директоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы - «Тасымалдауларды басқару орталығы» филиалының бірінші орынбасары, директоры. 2013 жылдан 2014 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының техникалық саясат жөніндегі атқарушы директоры қызметін атқарған. 2014 жылдың 28 сәуірінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл жол бөлімшесі» филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар