Семейде шағын тікұшақтар құрастырылуда

Семейде шағын тікұшақтар құрастырылуда
ашық дереккөз
Семейде шағын тікұшақтар құрастырылуда

27Семейде шағын тікұшақ құрастыратын зауыт ашылды. Еліміз бойынша бірегей кәсіпорын Польшалық компаниямен әріптестік орнатып, бүгінде түрлі мақсатта қолданылатын шағын әуе көлігінің бірқатарын жасап үлгерді.

Өз жұмысын жақында бастағанымен, «Fly Air Asia» ЖШС-нің алғашқы өнімдері санаулы күндерде пайдалануға берілмек. Алты кәсіпорын толық қуатына енсе жылына 30 әуе көлігін жасауға қауқарлы. Бұл әуе көлігі әсіресе таулы аймақтарда таптырмас құрал. Тікұшақ немесе ұшақтар ауыр. Ал мына шағын тікұшақтар басқаларға қарағанда өте жеңіл әрі үнемді. Отыз градустық суыққа да шыдамды. Бір сағат ұшуына 15-20 литр жанармай жеткілікті. Ол сағатына 210 шақырым жылдамдықпен ұшады. Екі орынды шағын тікұшақтар ауыл шаруашылығында, төтенше жағдайлар қызметінде, полицейлер жұмысында кең қолданылады. Мамандардың айтуынша, қазақстандық әуе техникасына қазірден-ақ қызығушылық танытып жатқандар көп. Германияда сертификатталған әуе көлігінің бағасы 135 мың АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын алдағы уақытта кейбір қосалқы бөлшектерді өзімізде әзірлеу арқылы бұл бағаны төмендетпекші.

Интернет  материалдары негізінде  әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар