«Мұқағали бізге бұдан былай да жазып тұра ма?»

«Мұқағали бізге бұдан былай да жазып тұра ма?»
ашық дереккөз
«Мұқағали бізге бұдан былай да жазып тұра ма?»
Газет жаңадан ашылған кез. Бас есепші Бақыт Төлегенова – жайдары, жақсы, өзінің жұмысын үздік білетін кісі. Айыбы – орысшалау (мүмкін артықшылығы шығар). Есепті «шашқанымен», әдебиетке тісі бата бермейді. Ол кезде «Арай» газеті мақала жазған тұрақты авторларға қаламақы төлейтін. Айдың аяғында Бақыт бухгалтер газет тігінділерінен авторлардың мақала-өлеңдерін қарап, гонорар есептеп жатады. Сол бөлмеге тілші Хамит Есаман кіріп қалады. Сонда Бақыт есепші: – Жаңадан ашылдық. Уыс-уыс ақша жоқ қой бізде. Авторлардың ішінде белсенді, тұрақты жазып тұратынына берейік. Мұқағали Мақатаев деген кісінің бір өлеңі шығыпты. Ол бізге бұдан былай да жазып тұра ма? – деген екен.

Ұқсас жаңалықтар