Кіл мықтыдан кім мықты?

Кіл мықтыдан  кім мықты?
ашық дереккөз
Кіл мықтыдан кім мықты?

Еуропа чемпионатында ойнайтын 24 команда белгілі болды

Келер жыл спортсүйер жанкүйерлер үшін өте тартысты, дуы басым байрақты бәсекелерге толы болмақ.Жаһан жанкүйерлерін бір серпілтетін Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасы Францияда өтетін футболдан Еуропа чемпионаты да жарты әлем­нің назарын өзіне аударатыны сөзсіз. Өйткені, қазір әлемнің әр елінде футболсүйер қауымның қарасы айтарлықтай қалың. Бүгінде кәрі құрлықтың үздігі атануға барын салатын, қосымша електік ойындардан кейін ойнайтын командалар белгілі болды. Олар: Франция, Испания, Германия, Англия, Португалия, Бельгия, Италия, Ресей, Швейцария, Австрия, Хорватия, Украина, Чехия, Швеция, Польша, Румыния, Словакия, Венгрия, Түркия, Ирландия, Исландия, Уэльс, Албания және Солтүстік Ирландия құрамалары. «Еуро-2016» додасының жеребе тарту рәсімі 12 желтоқсан күні Парижде өтеді. Еуропа біріншілігі 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілде аралығында Францияның 10 қаласында, 10 стадионда өтеді. Турнирдің 24 қатысушысы төртеуден алты топқа бөлінеді. Және Ресей мен Украина бір топқа түспейді. Плей-офф кезеңіне әр топтан екі команда және ең үздік үшінші көрсеткішке ие болған 4 команда шығады.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар