«Кселл» өз желісінің сапасын жақсартуды жалғастырып, клиенттерге бөлетін басты назарын күшейтуде

«Кселл» өз желісінің сапасын жақсартуды жалғастырып, клиенттерге бөлетін басты назарын күшейтуде
ашық дереккөз
«Кселл» өз желісінің сапасын жақсартуды жалғастырып, клиенттерге бөлетін басты назарын күшейтуде

5642015 жылдың 21қазан айында «Кселл» өз желісінің сапасын дамытуға бағытталған жұмыс нәтижелерімен республикалық БАҚ журналистерін таныстырып, компания клиенттерінің тәжірибесін жақсартуға арналған бағдарламасы туралы әңгімелеп берді.

Желінің сапасы және басты назарды клиенттерге аудару «Кселл» компаниясының стратегиялық дамуындағы негізгі бағыттар болып табылады. Қазіргі таңда компания мобильдік оператордан қызметтермен жабдықтаушы компанияға айналу үстінде. Қызметтермен жабдықтаушы ретінде компания өз клиенттеріне өмірге, жұмысқа және ойын-сауыққа арналған кешенді шешімдерді ұсынатын болады.

 Сондықтан «Кселл» сапаны жақсарту үшін өз желісін дамытуға кеңінен қаржы құйып келеді. Осы жылдың үш бірдей тоқсанында компанияның құйған инвестициялар көлемі 4,9 млрд теңгені құрады. Компания 2G және 3G технологияларына жататын жаңа негізгі стансаларды орнатып, нәтижесінде еліміздің тұрғындар мекендейтін аумағының 96%-ын дауыстық байланыспен қамтуға мүмкіндік пайда болды. Компания қазіргі таңда халқымыздың 72%-ына мобильдік интернетке қол жеткізуге жағдай жасап отырған 3G желісін белсенді түрде кеңейтіп келеді. Ең соңғы 3G технологияларын қолданудың арқасында 2014 жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда деректерді тарату көлемі 2 есеге арттырылды. 2015 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес компания желісі 16 млн. Гб көлемінде деректердің таратылуын қамтамасыз етті.

«Кселл» компаниясы мобильдік интернетті қолжетімді бағада ұсынып, 3G желісімен кеңінен қамтуының нәтижесінде абоненттердің интернетті тұтынуы шапшаң қарқынмен өсті, бұл жағдай желі жұмысының сапасын тұрақты деңгейде қамтамасыз етуді талап етуде.

– Біз қазіргі таңда күшімізді бірнеше бағыттарға шоғырландырып отырмыз, олардың бастысы – байланыс сапасын жақсарту. Сапа туралы бірталай сөз айтуға болады, алайда біз нақты қадамдарды жасағанды артық көреміз. «Кселл» осы жылдың ішінде клиенттерге жайлы ортада тілдесіп, интернетке шығып, бизнес жүргізуге мүмкіндік беру үшін қыруар жұмысты атқарып шықты.

Қазақстанның басты өңірлерінде біз кластерлік оңтайландыруды жүргіздік. Біздің инженерлер желі сапасына бақылау жасау үшін 5000-нан аса шақырымды жүріп өтті. Астана мен Алматының тұрғындары көптеп жиналатын танымал орындарда біз дауыстық қызметтердің сапасын жақсарттық. Клиенттің компанияға деген ниеттестігінің (NPS) артып отырғаны «Кселл» абоненттерінің желі сапасында орын алып жатқан оң өзгерістерді байқағанын растайды, – деп атап өтті журналистермен кездесуі кезінде «Кселл» бас атқарушы директоры Арти Отс.

Ұялы оператор желісіндегі көрсеткіштердің жақсарғанына үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап қыркүйегі аралығында өткізген өлшеулер дәлел, бұл жөнінде «Кселл» компаниясының топ-менеджерлері медиа-сапар кезінде мәлімдеді. Сонымен қатар, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында драйв-тестер арқылы, сондай-ақ, автокөліктерге орнатылған бақылау-өлшеу кешендерінің көмегімен дауыстық байланыс және деректерді тарату сапасына тексеру жүргізіліп, желі сапасына енгізілген өзгерістер өлшенді. Драйв-тестер Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Талдықорған және осы қалаларға бағытталған автокөлік трассаларында жүргізілді. Жүріп өтілген жол бағдарының жалпы ұзындығы 5650 шақырымды құрады.

Клиенттердің тәжірибесінің жақсарғанына кластерлік оңтайландыру оң ықпалын жасады. 2015 жылдың тоғыз айы ішінде кластерлік оңтайландыру Шымкентте аяқталды, ал Алматыда бұл шара қаланың 80%-ын қамтыды. Астанада және басқа қалаларда қазіргі күні желіге талдау жасау және оңтайландыру жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде. Кластерлік тәсілдеме 3G желісімен, дауыстық қызметпен қамтуды және олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, бұл NPS индексінің 2 есеге өсуіне әкелді. Компания кластерлік оңтайландыру жұмысын жалғастыруды жоспарлайды.

Жазғы кезеңде компания 3G желісіне басты назар аудара отырып, өз желісін кеңейтумен белсенді айналысты. 2015 жылдың маусым айынан бастап қыркүйегі аралығында ірі қалалар мен ауылдық жерлерде сонымен бірге, желімен қамтылуы тиіс жаңа нүктелерде жаңа негізгі стансалар орнатылды.

Сондай-ақ, жүргізілген жұмыс осы жылдың маусымында active абоненттеріне арнап «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарларын іске қосудан кейін байланыс қызметтерін сапалы деңгейде ұсынуға мүмкіндік берді. Аталған тарифтік жоспарлардың жұртшылық арасындағы танымалдығы «Кселл» желісіндегі трафиктің 40 пайызға өсуіне әкелді. Төрт ай ішінде «Алло, Қазақстан» тарифтеріне бір миллионнан аса абонент қосылды, осы ретте аталған тарифтік жоспарлардың қолданушылары арасындағы NPS индексі компанияның басқа тарифтік жоспарларына қосылған абоненттердің қанағаттанушылық көрсеткіштерінен асып түсті.

Ұқсас жаңалықтар