Жерұйық мекен

Жерұйық мекен
ашық дереккөз
Жерұйық мекен

 Атыраудағы «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткачтың хаты

Автор өз хатында шет елдерге тұрақты тұруға кеткен жақындарының күрделі жағдайлары туралы айтқан. П.Ткач солардың көпшілігі тілдік бейімделуге, әлеуметтік теңсіздікке, сондай-ақ қарулы қақтығыстарға байланысты түрлі қиындыққа ұшырап отырғанын атап көрсеткен. Соған орай ол Нұрсұлтан Назарбаевқа елімізде татулық пен келісім саясатын жүргізіп отырғаны үшін ризашылығын білдірген, сонымен қатар қонақжайлығы мен кең пейілі үшін Қазақстан халқына алғыс айтқан. «Қиын-қыстау жылдары қаншама адамға пана болдыңыздар, қолдау көрсеттіңіздер. Қазақстан бізге жерұйық мекен болғаны үшін және бәріміз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін сіздерге өзімнің ғана емес, бүкіл туғандарымның атынан бас иіп, ілтипат білдіремін. Біз белгіленген барлық реформаларды жүзеге асыратынымызға нық сенімдімін. Мен бұған өз тарапымнан бар күшім мен білімімді жұмсайтын боламын», – делінген хатта.

Ұқсас жаңалықтар