- Advertisement -

1 доллар… 300 теңге болды

100

- Advertisement -

Бірақ Қаржы министрі «бұдан қазақстандықтардың өмірі өзгермейді» деді

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуетінің доллар бағамына тәуелді болмауы керек екенін мәлімдеді. Бұл пікірді ол ҚР Парламент Мәжілісінің үзілісі кезінде айтты.
«Біз жаңа ұстанымға өттік, сондықтан уақыт талап етіледі», – деді ол Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына өтуіне қатысты пікір білдіре отырып. Tengrinews.kz тілшісінің доллар бағамының 300 теңгеден асқан жағдайына қатысты сұрағына ол «Мұны нарық көрсетуі тиіс, жаңа ұстанымдарымыз осыған негізделген» деп жауап берді. «Екі аптаның ішінде жаңа бағам белгіленеді деп айтылды, бірақ 20 тамыздан бастап сонша уақыт өтіп кетті. Соған қарағанда, уақытты қажет ететін көрінеді», – деді ол.
«Доллар бағамы 300 теңгеден асқанда жалақысы өзгермеген қазақстандықтар қалай өмір сүреді?» деген сауалға ол былай деп жауап берді: «Біз жалақыны бірнеше жылдың ішінде екі есе көтердік. Жалпы алғанда, жалақыны көтеру доллармен байланысты болмауы тиіс, еңбек өніміне сәйкес болуы керек. Азаматтардың барлық саудасы теңгемен жасалады, импорттың басым екендігі белгілі. Ал жалпы, біз жүргізіп отырған жұмыс кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің арқасында теңдікке әкеледі», — деді қаржы министрі.
«Сонда сіз доллар 300 теңгеге тең болса қазақстандықтардың өмірі өзгермейді деп ойлайсыз ба?» деген сауалға былай деп жауап қатты: «Меніңше, өзгермеуі керек. Себебі қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуеті экономикадағы еңбек өніміне тәуелді болуы тиіс».
Айта кетейік, 16 қыркүйекте қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support