БҮГІН БАТЫРЫМЫЗ ҒАРЫШТАН ОРАЛАДЫ

91

оны жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алады

Құрамында жерлесіміз Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка мен дат астронавты Андреас Могенсен бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алуы мүмкін деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазғарыш тарапынан хабарлама келіп түсті, оған сәйкес Қазақстанның бірінші тұлғасы – Президент экипажды өзі қарсы алуға ниет білдірген, осыған сәйкес қосымша міндеттер қойылып, екі сағат он минут қосымша уақыт бөлінді, қону орнынан Астанаға дейін жеткізу үшін, – деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында Ресей Әуе көліктері федералдық агенттігі басшысының орынбасары Алек-сандр Ведерников.
Сонымен қатар, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовті қонған жерінен туған-туыстары, 17 жастағы ұлы Әмір мен бауыры қарсы алатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте «СОЮЗ ТМА 18М» зымыранымен аттанды. Айымбетов экология, физика және медицина саласында бірқатар ғылыми сынақ жүргізетін болады.
Жерлесіміз отандық ғылым саласы үшін онға жуық сынақ өткізеді деп көзделген. Оның қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар. Оған қоса радиацияның адам миына әсерін және ғарышкерлердің борттағы қарым-қатынасының психологиялық жағдайын сынға алмақ.
Елбасының ғарыштан аман-есен оралған батырға деген құрметі қалың елі – қазағының құрметі, ағайын!

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.