- Advertisement -

Ықпалдастықты арттыру жөнінде ұсыныстар енгізілді

82

- Advertisement -

Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды.
Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және «Атамекен» ҰКП басшылары, жетекші отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Сөз сөйлеушілер өңірлік экономиканы дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ел алдына түрлі салаларда ұлттық мүдделерді қорғау және жүзеге асыру жөнінде жаңа міндеттер қоятынын атап өтті.
Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев сарапшылар мен бизнес қауымдастықтарының ұсынымдарын ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық және ықпалдастық үдерістерді жан-жақты талдау және олардың барлық ықтимал салдары мен қатерлеріне болжам жасау қажеттігін атап өтті.
Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ықпалдастық бірлестіктеріне қатысуының тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.
Сараптамалық кеңестің ұсынымдары Қауіпсіздік кеңесі жұмысында және Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындау барысында пайдаланылатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support