Ауылы аралас, қойы қоралас...

Ауылы аралас, қойы  қоралас...
ашық дереккөз
Ауылы аралас, қойы қоралас...

2687f587635e30fd42c117c5096Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі аясында мемлекеттік шекараның ашылу рәсімі 12 тамызда өтеді. Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы шартқа өткен жылы желтоқсанда Мәскеуде Жоғары еуразиялық экономикалық  кеңес отырысында қол қойылған. Шартқа сәйкес ол депозитарий дипломатиялық арналар бойынша елдердің ратификациялау туралы мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді. Өткен аптада Қазақстанда Қырғызстанның қосылуы бойынша барлық ратификациялық рәсімдер аяқталды. Тиісті құжаттар пакеті мен Қазақстанның нотасы ЕЭК-ке жіберілді. Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жою туралы рәсімдерді жүргізуге байланысты 12 тамызда сағат 8 сағат 00 минуттан 13 сағат 00 минутқа дейін қырғыздың «Ақжол-автожол»  өткізу пунктінде қырғыздық-қазақстандық мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктерді шекаралық бақылауды жүзеге асыру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлады ведомство.

Ұқсас жаңалықтар