- Advertisement -

Кеңесіп пішкен тон келте болмас

106

- Advertisement -

1b9d58174d6f5ba87f881f16e48d3114Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты. Отырыс барысында Елбасы үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты және партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Асқар Мырзахметовті таныстырды.
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.
Елбасы сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты, оның барысында депутаттар облыстың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.
Қазақстан Президенті бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті.
Елбасы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Қазақстан Президенті сапар аясында қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Мемлекет басшысы сондай-ақ қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады.
Қазақстан Президенті «Астана   ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.
Осы уақыт аралығында қала елеулі нәтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді әрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. Азиада табысты өткізілді, қазіргі кезде Дүниежүзілік студенттер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматыда шағын және орта бизнес екпінді дамуда. Оның үлесі қала экономикасында 30 пайыздан асып, бюджет түсімдерінің үштен екісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл – маңызды көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті атап өткендей, А.Есімовтің тәжірибесі қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасындағы күрделі ахуалды еңсеру және оның әрі қарай жүйелі дамуы көп жағдайда Алматының табысты дамуымен байланысты екеніне назар аударды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support