Ақпараттар ағыны

Ақпараттар ағыны
ашық дереккөз
Ақпараттар ағыны
Байзақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Сарыкемер орта мектебінде «Тарихымызды ардақтаймыз» акциясы өтті. Онда осы айтулы датаға орай мектеп ауласына 550 түп ағаш отырғызылды. Дәстүрлі әнші-термешілер байқауымен қатар «Тарихты терең толғаған» атты аудандық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы мәреге жетті. Жуалы Жеке кәсіпкер Жәнібек Омарбеков Нұрлыкент ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіп тұрады. Ол жақында ауылдағы М.Ломоносов атындағы орта мектептен аз қамтылған, толық емес отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жалпы жеті отбасының тізімін алып, олардың әрқайсысына 1 қаптан ұн, қант, 1 қораптан май, шай, 5 кг макарон таратып берді. Қордай Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында аудан орталығындағы «Сұңқар», «Навигатор», «555», «Такси-Қордай» және «Тұлпар» жекеменшік такси қызметтері соғыс ардагерлерін Қордай ауылының ішінде тегін тасымалдауда. Ал «Жолаушы» ЖШС-ның бағыттық шағын автобустары бұл қызметті бірнеше жылдан бері тегін атқарып келеді. Ол үшін қарттар жүргізушіге майдангер куәлігін көрсетсе жеткілікті. Шу Аудандық Мәдениет үйінде «Жақсыбай Жантөбетов атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты аудандық байқау өтті. Оған мектеп оқушылары мен жас мұғалімдерден құралған 16 үміткер қатысты. Өлеңді жатқа айту, мәнерлеп оқу байқауында төлебилік, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Жаңыл Мәделбек бас жүлдені иеленді. Шу қаласының өкілі Эльвира Азамат – бірінші орын, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептен Гүлнәз Шәми – екінші орын, Сауытбек ауылынан келген Әлімхан Абай мен Шоқпар ауылының өкілі Балнұр Ақділдаева жүлделі үшінші орынды бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар