Үшкемпіровтің ізбасары

Үшкемпіровтің ізбасары
ашық дереккөз
Үшкемпіровтің ізбасары

15азияның 2 дүркін чемпионы атанған Нұрмахан Тінәлиевке «сарықұрлықта» қарсылас жоқ

Күрес түрлерінен Катар астанасы Доха шаһарында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ балуандарының мерейі тасыды. Грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы даңқты Жақсылық Үшкемпіровтің ізбасары, жерлесіміз, бүгінде Алматы өңірінің намысын қорғап жүрген Нұрмахан Тінәлиев тағы да алтыннан алқа тақты. Шудан шыққан чемпион бұған дейін де құрлық біріншілігінде топ жарып, Азия ойындарында да жасындай жарқыраған болатын. Қарсыластарын алып та, шалып та жығып жүрген Нұрмахан Доха төрінде төселген бозкілемде алдымен ирактық Каабиді ойсырата жеңсе, екінші белдесуде үндіс Навинді бет қаратпай жеңді. Ал жартылай финалда ылғи да қазақ балуандарының алдын орап кететін Иран елінің мықты балуандарының бірі Башира Бабаджанзалехты 1:0 есебімен еңсеріп, ақтық сында қытайлық Куанг Менгтен айласын асырды. Иә, бұл – классиктеріміз үшін үлкен табыс, Нұрмаханның жерлестері үшін мақтаныш екені анық. Ауыр салмақтағы алыбымыз енді олимп биігін бағындыруды армандайды.

Табиғат Абаилдаев,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар