Қос жүлде қоржында

Қос жүлде қоржында
ашық дереккөз
Қос жүлде қоржында
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек шаһарында грек-рим күресінен ауған соғысының ардагері Виктор Москальченко атындағы турнир болып өтті. Тартысқа толы додаға бірнеше мемлекеттен төрт жүзге жуық жас балуандар қатысып, бақ сынасты. Айтулы жарыста қазақстан­дық балуандар Нұргелді Айтжан мен Мұхаммед Аманжолов өз салмақтары бойынша топ жарды. Қырғыз елінен келген спортшылар балуан Юрий Мельниченко, бильярдшы Қаныбек Сағындықов, боксшы Руслан Мырсатаев, футболшылар Асхат Қадырқұлов пен Эмиль Кенжесариевтер еліміздің намысын спорт әлемінде абыроймен қорғағанын айта кету керек. Бильярдтан үш дүркін әлем чемпионы Қаныбек Сағындықовты Шу қаласының тұрғыны, кәсіпкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінің иегері Аңсар Қаранеев баулығанын да тілге тиек еткен жөн.

Нариман Шалбаев, Бішкек қаласы.

Ұқсас жаңалықтар