Кандидаттың кездесулері сәтті өтуде

Кандидаттың кездесулері сәтті өтуде
ашық дереккөз
Кандидаттың кездесулері сәтті өтуде

ҚР президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді. – Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов насихат пойызы аясында біздің аймақта болып, өзінің сайлауалды тұғырнамасының бағыттарымен сайлаушыларды таныстырды. Соның ішінде «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы және «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымдарының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды партияның облыстық комитетінің жетекшісі А.Әлімбаев. – Марксизм – коммунистер үшін қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет, – деді кандидаттың баяндамасына сүйене отырып А.Әлімбаев. Толықтай алғанда, біздің кандидатымыздың кездесулері сәтті өтті деп санайды кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі А.Әлімбаев. Кандидаттың сенімді тұлғасы Е.Майканов, жалпы алғанда, кандидаттың сайлауалды насихат жұмыстары кезінде ешқандай келеңсіздік болмағанын атап көрсетті. Өз жұмыстары туралы кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі С.Мартемьянов та айтып берді. Оның хабарлауынша, кандидат Т.Сыздықов Петропавл қаласындағы «МұнайМаш» ЖШС және Мәмлүт ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды. С.Мартемьянов, аймақтық сайлауалды штабтың насихат жұмыстары кандидаттың сайлаушыларымен кездесуін ұйымдастырумен ғана шектелмейтіндігі туралы да айтып берді. – Әлеуметтік желілерді кеңінен қолданудамыз. Дайындаған барлық материалдарымызды ресми сайтқа және әлеуметтік желілерге орналастырудамыз, – деді ол. Тұрғын Сыздықов Астана қаласындағы «Тұран» университетінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. – Біздер, коммунистер, үшін марксизм – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік оқу мен прогрессивті қоғамдық ойлар негізінде қалыптастырылған, – деп жалғастырды өз ойын сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоңыров. ҚР президенттігіне кандидат, партияның Батыс мәдениетінің теріс ықпалы мен оның стандарттарына аса көңіл бөлетіндігін хабарлады. – Батыс өркениеті жалпыадамзаттық құндылықтардың құлдырауынан туындаған мәдени дағдарысты кешіруде.Техникалық жетістік пен ақпараттық революциялардың нәтижесінде Батыс елдерінің тұрғындары ұлттың тұтастығын, негізгі дәстүрлі құндылықтарына деген сенімдерін жоғалтуда. Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз-ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық тұтынушыларға арналған медиаөнімдерді автоматты түрде қолданатын механикалық роботтарға айналады, – деді Т.Сыздықов. Кандидаттың пікірінше, батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Кандидаттың сенімді өкілі А.Қоңыров фаст-фудтың теріс салдары туралы: «Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр. Әрбір гамбургердің құрамындағы қатерлі және белгісіз токсинді заттар трансмайлар-канцерогендер түрлі қатерлі ісік ауруларына шалдықтырып, адам ағзасын біртіндеп улауда. Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!» – деді Тұрғын Сыздықов.

Ұқсас жаңалықтар