Елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында

Елдің  болашағы  білімді  ұрпақтың  қолында
ашық дереккөз
Елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында
Кеше аудан орталығындағы Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектепте «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясында білім берудің сапасын арттыру бойынша облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының көшпелі мәжілісі өтті. Оған аудан әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты. Мәжілісті аудандық білім бөлімінің басшысы Қ. Райымқұлов жүргізіп, негізгі тақырып бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Дамира Сүгірбай баяндама жасады. Болашақ – білімділердің қолында. Сондықтан, еліміздің ертеңгі ту ұстарларын терең біліммен қаруландырып, оларға осы бастан саналы тәрбие беру бүгінгі ұстаздардың басты парызы. Қазір ұстаздардан оқыту сапасын уақыт талабына сай арттыру жолындағы тың ізденістер мен үздік тәжірибелерге ден қою талап етіледі. Аудандық мәслихаттың депутаттары, Жамбыл ауылдық орта мектебінің директоры Гүлнәр Айтқұлова мен Өтеген ауылдық орта мектебінің депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева, сондай-ақ, Бөлтірікова атындағы мектептің мұғалімдері Гүлзат Жақсылықова мен Аида Нұркеева тақырып бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, сөз сөйлегендердің қай-қайсысы да жиынға қатысушыларды сәуірде өтетін Президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырды.

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар