Біз Назарбаевқа сенеміз!

Біз Назарбаевқа сенеміз!
ашық дереккөз
Біз Назарбаевқа сенеміз!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу жолдап, сайлау ел өміріндегі үлкен де маңызды оқиға екенін айтты. Оған жауапкершілікпен қарап, белсенділікпен қатысуға шақырды. Елбасының кемеңгерлігі және сарабдал саясаты нәтижесінде елімізде осы мерзімде ұлан-ғайыр игілікті істер атқарылды. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлының кезектен тыс өткізілетін сайлауға түсуін еліміз және шетелдегі аузы дуалы, аты көпке мәшһүр азаматтар жарыса өтініп, айтып, жазып жатыр. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Н.Назарбаевтың арқасында елімізді әлем таныды. Экономикамыз уақыт өткен сайын қарыштап дамып келеді. Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көрінген Қазақстан енді озық отыз елдің қатарына енуге ұмтылыс жасауда. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында экономикалық қиындықтарға байланысты тығырыққа тірелгені белгілі. Елбасының бұл салаға ерекше және тұрақты көңіл бөлуіне байланысты сала өркендеп, тұрақты жақсы көрсеткішке қол жеткізуде. Үш жыл қатарынан ауыл жылы болып жарияланды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында барлық дәнді, майлы дақыл, көпжылдық шөп өсірушілерге және мал шаруашылығына субсидия берілуде. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында өз ісін ашушыларға инвестициялық қолдау жасалуда. Соның нәтижесінде еліміз, оның ішінде облысымызда өнім өңдейтін кәсіпорын ашушылар қатары көбейіп келеді. Меркі ауданындағы «Жылыбұлақ-Меркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өтпелі кезеңде материалдық-техникалық базасын сақтап қалған санаулы агроқұрылымның бірі. Бүгінде мемлекет қолдауы нәтижесінде шаруашылықтың ісі қайта өркендеп келеді. Мал басы көбейіп, техника жаңартылуда. Кейінгі кезде серіктестік таза табыспен жұмыс істей бастады. Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы айтылған келелі істер мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы міндеттерді мүлтіксіз орындау, бастаған істі аяғына жеткізу керектігін бәріміз де түсінеміз. Сондықтан да қазақ халқы мен қазақстандықтардың мәртебесін асқақтатқан тұлғаның тағы да халық тілегін қабыл алып, жұрт жүктеген сенім биігінен көрінеді деген сенімдеміз. Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар