Шу

Шу
ашық дереккөз
Шу
Ассамблея жылы аясында ауданда өзге ұлт жастары арасында «Тіл – достықтың дәнекері» атты аудандық байқау өтті. Байқауға этномәдени орталықтарының өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өткен байқауда қатысушылар «Тілге құрмет-елге құрмет», «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Мария Сыпалова еншілесе, I орынды Тахмина Назаршоева иеленді. Жүлделі II орынды Шинар Мамедова мен Ван Яна, III орынды Екатерина Самсонова мен Ася Жаппарова иемденіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар