«Superpharm» өнімдеріне сұраныс көп

«Superpharm» өнімдеріне сұраныс көп
ашық дереккөз
«Superpharm» өнімдеріне сұраныс көп

Елбасының ұсынысымен «Қазақстанда жасалған» атты акция өткізу қолға алынып жатқанда, біздерге отандық өнімдерге бір көз жүгіртіп, олардың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік туған секілді. Сөйтіп, Қазақстанның кез-келген патриот азаматы айналасындағы тұнып тұрған тауардан өз елінің өнімін таңдай бастаған. Облысымызда Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында 2011 жылы іске қосылған өңірдегі өндіріс орындарының ішінде «Superpharm»-ның алар орны ерекше. Кәсіпорын  шығарып жатқан өнім зор сұранысқа ие.  13

2011 жылы Елбасымен болған телекөпірде «тұсауы кесілген» зауыттың бүгінгі қарқыны қуантарлық. «Еліміздегі барлық медициналық мекемелер күткен осындай жаңа зауыттың бой көтеруімен сіздерді құттықтаймын» деген еді Президентіміз зауыттың ашылу салтанатында. Шынында, ел күткен кәсіпорын болды бұл.

«Медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіру бойынша зауыт салу» жобасы бойынша құны 520,0 миллион теңгеге салынған зауыт жылына 15 миллион дана өнім шығарады. «Superpharm»-дағы технологиялық қондырғылар Германия, Түркия, Польша, Ресей және Қытай мемлекеттерінен әкелінген. Сондықтан да, мұнда сапасы жағынан еліміздегі бірегей және әлемдік өнімдермен еркін бәсекелестікке түсе алатын өнімдер шығарылады. Заманауи қондырғылар мен машиналардың 18 түрі негізгі өнімнің 13 түрін өндіреді. Залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған медициналық мақсаттағы бір рет пайдаланатын өнімдер, яғни медициналық маска, бахилалар, медициналық түрлі бас киімдер, бір және көпқабатты төсек жайма, медициналық халаттар, операцияға арналған киімдер, хирургиялық костюм (жейде мен шалбар), алжапқыш, су сорғыш түрлі сүрткіштер, төсек-орын жабдықтары, гинекологиялық жабдықтар, босанатын әйелдерге арналған бір реттік жейделер, қағаз сүрткіштер, стерильді және стерильді емес үлдірек сынды еліміздегі көптеген медициналық қажеттіліктерді осы зауыт қамтамасыз етіп отыр. Облыста өндіріліп, отандық өндіріс саласына айтарлықтай атсалысып жатқан «Superpharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде барша Қазақстанға кеңінен танымал.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Ұқсас жаңалықтар