Оңтүстік Африка

Оңтүстік Африка
ашық дереккөз
Оңтүстік Африка
Пілдерді иттің орнына пайдаланбақ Оңтүстік Африка Республикасында пілдерді жарылғыш заттарды іздеуге үйретуде деп хабарлайды Reuters. Бұл бағытта бүгінде АҚШ қарулы күштерінің мамандары мен жергілікті үйретушілер жұмыс істеуде. Піл асыраумен айналысатын ранчоның қызметкері Шон Хенсманның айтуынша, алып сүтқоректілердің иіссезгіштік қасиеті өте жақсы дамыған және иттермен салыстырғанда пілдер иісті ұзақ уақыт бойы есте сақтайды екен. Бүгінде қарулы қақтығыстар жиі орын алатын Ангола елінде пілдер жер астына жасырылған жарылғыш заттарды өздігімен сезіп, оны айналып өтуді үйренген дейді Хенсман. Жуырда жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде 17 жастағы Чишуру есімді піл бірнеше шелектің біріне жасырылған жарылғыш затты бірден тауып, жанына барып бір аяғын көтерген. АҚШ әскерінің өкілі Стивен Лидің айтуынша, жануарларды әскери қақтығыстарға араластырмайды.  

Ұқсас жаңалықтар