Ресей

Ресей
ашық дереккөз
Ресей
Ресейде жұмыс істейтін қазақстандықтарға жәрдемақының барлық түрі төленеді 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысының барлық түрін алуға құқылы, – деп хабарлайды Tengrinews.kz «Бухгалтерия Онлайн» порталына сілтеме жасап. Мұндай құқықты Ресей Федерациясы Беларусь пен Армения азаматтарына да беріп отыр. Порталдың мәліметінше, Ресейдің Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 жылы 5 желтоқсанда жазылған № 17-1/10/В-8313 хатына сәйкес, бұл үш елдің азаматтары Ресейде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген бірінші күнінен бастап әлеуметтік қорғалған тұлғалар болып есептеледі. Сондықтан олар уақытша еңбекке жарамсыз болып қалса немесе бала туылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы. Айта кетейік, жәрдемақы төлеу кезінде азаматтардың тұрғылықты жағдайы ескерілмейді, яғни олар Ресей аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын болса да жәрдемақы төленеді.

Ұқсас жаңалықтар