Қазақстан

 Қазақстан
ашық дереккөз
Қазақстан
Кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға азаматтардың 82 пайызы дайын MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтарының арасында «Қазақстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауының өткізілуі» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалаларынан және Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 2081 адам қатысты. Олардың 68 пайызы – әйелдер және 32 пайызы – ер азаматтар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Сауалнама 2015 жылы 16-20 ақпан аралығында жүргізіліпті. «Респонденттердің 82 пайызы мерзімінен бұрын өткізілетін Президент сайлауына қатысуға дайын екенін айтып, жауап берді. 11 пайызы сайлауға қатыспайтынын айтса, 7 пайызы нақты шешімдерімен бөлісе алмады», – делінген баспасөз хабарламасында. Экспресс-мониторинг жүргізу бюросының өкілдері сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57 пайызы Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде ұсынылған Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын қолдайтынын айтады. Дауыс берушілер соңғы уақыттағы ішкі келеңсіз оқиғаларды ескерсек, бұл идея Қазақстанда экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады деп сенеді. Ал респонденттердің 19 пайызының пікірінше, сайлау белгіленген уақытында, яғни 2016 жылы өткізілуі тиіс. Сауалнамаға қатысушылардың 13 пайызы бейтарап пікірді ұстанады. Олардың ойынша, сайлаудың қай уақытта өткізілетіні маңызды емес. Қалған 11 пайызы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.  

Ұқсас жаңалықтар