«Су перілері» сынға түсті

«Су перілері»  сынға түсті
ашық дереккөз
«Су перілері» сынға түсті
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Тараз – Арена» спорт кешенінде суда 50 метрге жүзуден білімгерлер арасында жарыс өтті. Шараға жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының білімгерлері, орталық базарда орналасқан «Кеңес» орталығының жастары және Жастар қоғамдық бірлестіктері мен Еріктілер клубының белсенділері қатысты. Аталмыш шараның мақсаты білімгерлер арасында Елбасының халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау, халықты спортпен қамту, «Саламатты Қазақстан 2050» бағдарламасын іске асыру, жастар арасында суда жүзу спорт түрін насихаттау болып табылады. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Олжас Аманжол, ІІ орынды Жансейіт Пари, ІІІ орынды Нұржаусын Әбиірбек иеленді. Жүлдеге қол жеткізген жастардың барлығы да марапаттан қалтарыс қалған жоқ.

Айнұр Әбиірбек, студент.

Ұқсас жаңалықтар