Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа үндеу

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа үндеу
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа үндеу

Қазақстан Республикасы Парла­­­мен­ті Сенатының Төр­­аға­сы Қасым-Жо­март Тоқаев Конс­­титуцияның 72-бабын­ басшылыққа ала ­отырып, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президенті­­нің кезектен­ тыс сай­лауын тағайындау мәсе­­­лелері регламенттелген Респуб­лика Конс­ти­туциясының 41-ба­бының 3-1-тармағын ресми түсін­діру туралы Үндеу жолдады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Сенаты 2015 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы толығымен қолдайды. Уақыт талабынан туындап отыр­ған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болып, қазақ­стан­дық қоғамда оң пікірлер туғызуда. Халықаралық ахуал шиеле­ніс­кен, әлемде қақтығысты жағ­дайлар туындаған және жаһан­дық экономикадағы дағдарыстық құбылулар орын алып отырған уақытта ішкі саяси тұрақ­­­­ты­лық қам­тамасыз етіліп, әлемнің ең да­мы­ған елдерінің тобына кіру мақ­сатында Сіздің «Қазақ­стан-2050» ұзақ мерзімді Стра­те­гия­ңызды, «Мәңгілік Ел» тұжы­рым­дамасын және «Нұрлы Жол» бағдарламасын табысты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сіздің дана әрі мықты көшбас­шылы­­ғы­ңыздың арқасында Қа­зақстан халқы елі­міздің қалып­тасуы мен дамуындағы барлық қиындықтарды абыроймен еңсере білді. Сіз тәуелсіздік жылдарында дамыған нарықтық экономикасы, халықаралық қоғамдастықтағы беделді ұстанымдары бар табысты мемлекет құра білдіңіз. Сондықтан да, қазақстан­дық­­тардың бүгінгі таңдағы бар­лық жетістіктерін: тұрақ­ты эко­номикалық өсуді, демо­кра­тияның дамуын, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік игілігін Сіздің есіміңізбен байланыстыруы заңды. Қазақстан дамудың жаңа сатысына аяқ ­басуда. Осы орайда, белгіленген реформаларды одан әрі жүргізуге бағытталған Сіздің бағ­дарыңызды табысты жүзеге асырудың сөзсіз шарты болып табылатын тұрақ­тылықтың маңызы зор. Біз, Парламент Сенатының де­путаттары, кезектен тыс прези­дент­тік сайлау өткізу елімізде бейбітші­лік­ті, бірлік пен келісімді нығайту­ға ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сізден Қазақстан халқы Ас­самблеясы Кеңесінің бас­тамасын қолдап, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу туралы мәселені қарас­тыруыңызды сұраймыз. Астана, 2015 жылғы 19 ақпан.

* * *

Қазақстан үшін бұл саяси науқан ауадай қажет деген сенімде жоғары палатаның депутаттары. Өйткені, әлемдегі экономикалық жағдай күн санап құлдырап барады. Сондықтан, ел ішіндегі ірі бағдарламаларды шұғыл жүзеге асыру керек. Ол үшін ертерек Президентті қайта сайлап, алаңсыз болашақ жобаларды орындауға кіріскен дұрыс екен. Жалпы, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған еді. Осы аралықта науқанды еліміздегі ірі саяси күштер, ұйымдар мен партиялар және парламенттің қос палатасы да қолдап үлгерді. «2015 жылы Президент сайлауын өткізген дұрыс деп ойлаймыз. Аржағында «2050 Стратегиясы», «Нұрлы жол» бар. Екінші бесжылдық басталды. Сондықтан Елбасының қасына жұмылып, жұмысқа кіріскен дұрыс деп ойлаймыз», - деді сенатор Мұхтар Алтынбаев.

Ұқсас жаңалықтар