Қордайлық тоғызқұмалақшылар табысы

Қордайлық тоғызқұмалақшылар табысы
ашық дереккөз
Қордайлық тоғызқұмалақшылар табысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан облыс кубогы сарапқа салынды. Айтулы жарысқа 8 ауданнан және Тараз қаласынан 12 команда қатысып, бақ сынады. Төрт күнге созылған тартысты додада 96 спортшы жеңіс жолында жанталасты. Алғашқы күннен бастап, қарсыластарына қарағанда шебер ойын үлгісін көрсете білген Қордай ауданының командасы турнир соңына дейін өз қарқындарын жоғалтқан жоқ. Нәтижесінде аталмыш ауданның командасы ұпайды молынан жинап, топ жарды. Шу ауданынан келген саңлақтар да үйлесімді ойын көрсете білді. Ұпай жағынан қордайлықтарға есе жібергеніне қарамастан, қалған қарсыластарынан оқ бойы озық болған оларға екінші жүлде бұйырды. Жалпы, әр ойын тартысқа толы болғанын айта кеткен жөн. Жүлде жолындағы жанталаста әр команда бар мүмкіндіктерін көрсетуге тырысып бақты. Нәтижесінде №3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер мектебінің командасы үздік үштікке енді. Жүлдеге іліккендер сый-сияпатсыз қалған жоқ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар