Фавориттер шайқасы

Фавориттер шайқасы
ашық дереккөз
Фавориттер шайқасы

«Астана арландарының» сапында бұл жолы жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов рингке шығады

Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші кезеңінде «Астана арландары» Қарағандыда «АҚШ нокаутшыларын» қабылдайды. Бұған дейінгі үш турда да қос команда қарсыластарынан айласын асырып, бірінші орынды өзара бөлісіп тұрған. Сонымен Қарағандыдағы жекпе-жекке шығатын боксшылар құрамы белгілі болды. 52 келіде «арландардың» намысын Мирас Жақыпов қорғаса, қонақтар сапынан рингке Брент Ричард Венегас көтеріледі. Мирастың қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес. Дей тұрғанмен, қазақ боксшысы өзінің мықтылығын көрсетуге дайын. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде қарағандылықтардың сүйікті боксшысы Ержан Музафиров бақ сынаса, оған қарсы америкалықтар Малиек Доннел Монтгомериді қойып отыр. Бокс әлемінде «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде жамбылдық жампоз Асланбек Шымбергенов өзінің бүкіләлемдік бокс сериясындағы дебютін өткізбек. Ол Брайан Цебаллоның шама-шарқын байқап көреді. 81 келіде команданың сенімді өкіліне айналған хорват Хрвое Сэп Стив Нельсонмен қолғап түйістіреді. Сонымен қатар аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Филип Хрговичке қарсы меймандар брендон Глентонды қойып отыр екен. Қарағандыда қазірдің өзінде сатылым­дағы билеттер түгел өтіп кеткенге ұқсайды. Бұл жергілікті жұртшылықтың боксқа деген қызығушылығын байқатса керек. Матч 8 ақпан күні өтеді.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар