Қала шаруасы қашанда қауырт

Қала шаруасы қашанда қауырт
ашық дереккөз
Қала шаруасы қашанда қауырт

Қалыптасқан дәстүр бойынша Тараз қаласының әкімі Нұржан  Календеров тұрғындармен есепті кездесулерін бастады. Алғашқы басқосу №1 аумақтық округ бойынша №53 орта мектептің мәжіліс залында өтті. Оған Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы В.Крылов, мекеме-кәсіпорындардың, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Өзінің есепті баяндамасында қала әкімі Нұржан Сәбитұлы әуелі былтырғы жылы осы округте өткен есептік кездесуде тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысынан хабардар етті. Атап айтқанда, былтырғы басқосу барысында 11 азамат шығып, 21 ұсыныс-пікір білдірген. Оның ішінде 5 мәселе толық орындалды. 14 сұраққа дер кезінде түсінік берілді. Қалған 2 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы берілген сұрақтардың қатарында зейнеткер Пернебек Сырғалиев «Төрткүл» иіні көшелерін жарықтандырып, электр жүйесін қалалық электр желісіне қосып беруді сұраған. Бүгінгі таңда «Төрткүл» тұрғын алқабына электр желісін жеткізудің құрылыс-құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс тамыз айында аяқталады.Тағы бір тұрғын Мұрат Мамытаев «Дорожник» алқабындағы бірқатар көшелерді жөндеп, жарықтандыруды сұраған еді. Бүгінгі таңда «Дорожник» алқабындағы көшелер жарықтандырылған. Шаһар басшысы тұрғындардың талап-тілегінен бөлек бұл округте бірқатар жұмыстар атқарылғанын да тілге тиек етті. Өткен жылы аумақтық округ бойынша

23Рахимов, Ұлбике ақын көшелері мен Төле би даңғылы бойындағы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің аула алаңдары абаттандырылып, көріктендірілді. Рахимов көшесіндегі №2 қалалық аурухана маңындағы 2 аялдама қайта жаңғыртылды. Мүгедектерге арналған дыбыстық белгі беретін жаяу жүргіншілер бағдаршамы орнатылды. Аумақтағы Жалаири, Бөлтірік шешен, Баласағұн, Мичурин, Достоевский, Рахимов, Ұлбике ақын, әл-Фараби, Рысбек батыр, Ниетқалиев, Тәуке хан, С. Датұлы көшелері, Төле би, Жамбыл даңғылдары қалпына келтірілді. Рахимов көшесінің сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңғыртудан өткізілді. Нұржан Сәбитұлы сонымен қатар қала бойынша атқарылған сан салалы жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Экономика саласы бойынша: өткен жылы қала кәсіпорындары 179 миллиард 797 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, өнім өндірудің физикалық индекс көлемі 108,5 пайызды құрады. Осы орайда, былтыр Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 11 жоба пайдалануға берілді. Олардың жалпы құны шамамен 35,5 миллиард теңгені құрап, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар Тараз қаласының әлеуметтік-22экономикалық жағдайын дамыту мақсатында «Химпром» маңындағы 43,5 гектар жерде Индустриалдық аймақ құру жоспарлануда. Аталған аймақтан «Recowaste» ЖШС-на қазірдің өзінде 10,545 гектар жер телімі бөлінді. Бұл жерге тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауытты Латвия мемлекетінің кәсіпкерлері ашуды жоспарлап отыр. Іске асыру мерзімі 2016 жылға жоспарланған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 76 кәсіпорын мемлекет тарапынан қаржылай көмек алып, қаланың өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ, қала әкімі денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы мақсаттардың да ауқымды екендігін айтты. 21Биылғы жылы Жамбыл өңірінде Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту жоспарлануда. Осыған орай, Үкімет тарапынан нысандарды жөндеуден өткізуге, жалпы дайындық жұмыстарына қажетті қаржы қаралуда. «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының инженерлік жүйелер құрылысын салу нысанына жобалық-сметалық құжат әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 47 миллион теңге, мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алуға 2 миллиард 805 миллион 928 мың теңге қарастырылды. 2015 жылға қала бюджетінің кіріс бөлігі 31 миллиард 986 миллион 336 мың теңге, соның ішінде өз кірісі 7 миллиард теңге көлемінде бекітілді. Биылғы жылы білім саласының бюджеті 16 миллиард 192 миллион 715 мың теңгеге жоспарланды. «Бәйтерек» мөлтек ауданы және «Арай» тұрғын алқабында 280 орындық балабақшаларын салуға 692,2 миллион теңге қарастырылды. «Арай» тұрғын алқабында 75 пәтерлі 2 үй құрылысына 452 миллион теңге, «Бәйтерек» мөлтек ауданында жас отбасыларға тұрғын үй құрылысын салуға 409 миллион 870 мың теңге бөлінді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Даңқ» аллеясын, «Мәңгі алау» және Сүлейменов көшесіндегі Ыбырайым Сүлейменов ескерткішін көркейту жұмыстарына 170 миллион теңге қаралды. Сонымен қатар бүгінгі күнге арамызда жүрген 130 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 150 мың теңге көлемінде, 237 бұрынғы Кеңес дәуірінің ордендері және медальдарымен марапатталған тыл ардагерлеріне 10 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы берілетін болады. Есепті жиында облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев пен бірқатар тұрғындар сөз алып, көше жолдарын жөндеу, балалар алаңқайларын салу, қосымша қоғамдық көлік бағыттарын ашу, аялдамаларды қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Қала әкімі Нұржан Календеров айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша нақты жауап беріп, кейбір күрделі мәселелерді басты назарға алатындығын жеткізді.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Суреттерді түсірген  Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар