Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтының әлеуетін арттыру қажет – Тоқаев

Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтының әлеуетін арттыру қажет – Тоқаев
ашық дереккөз
Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтының әлеуетін арттыру қажет – Тоқаев
Президент Үкіметке Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өтті. Мемлекет басшысы су шаруашылығында кадр тапшығылы барын ашық айтып, жергілікті жердегі жоғарғы оқу орындарының әлеуетін арттыру қажеттін алға тартты.
«Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық. Оқу орнын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау керек. Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институты 1962 құрылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар