Төтенше жағдай кезінде 100 сәби өмірге келді

Төтенше жағдай кезінде 100 сәби өмірге келді
ашық дереккөз
Төтенше жағдай кезінде 100 сәби өмірге келді
Елімізде су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 бала дүниеге келді,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде Қостанай облысында – 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында – 22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді. Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды. Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 3000-ға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.

Ұқсас жаңалықтар